
Ағымдағы жылдың 14 маусым күні облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен облысымызға танымал Қадыр Мырза Әли атындағы өнер орталығының айтыскер ақындары Талғат Жұмабекұлы Мықи және Айнабек Сағындықұлы Бисенғалиевпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында шақырылған қонақтар басқарма қызметкерлерімен қоғамның рухани жаңғыруы, қоғамдық сананың жаңғыруы бағытында өз ойларымен бөлісіп, бұл процестегі мәдениет және мемлекеттік қызметтің алатын орны туралы пікір алмасты.