Батыс Қазақстан облысында "112 Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі" іске қосылды

Батыс Қазақстан облысында "112 Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі" іске қосылды

Ағымдағы жылдың 27 желтоқсаны күні облыс әкімі өңірді цифрландыру саласында бірқатар нысандарды аралады. БҚО Ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) цифрландыру бойынша бірнеше жобаларды ұсынды – БКДҚ-112 қызметі, Бірыңғай төлем құжаты, Инва-такси, үлкен деректерді талдау құралы және басқа да жобалар.

Облыс әкімі БКДҚ-112 қызметі пилоттық режимде іске қосылған БҚО Полиция департаментінің ЖБО ғимаратына барды. Аталған жоба 101, 102, 103 және төтенше жағдайлар қызметтерінің өтініштерді өңдеу кезінде өзара үйлесе қызмет етуіне, барлық қызметтердің ресурстарын рационалды бөлуге және пайдалануға, жұмыс тиімділігін кешенді талдауға, бірегей нөмір бойынша оқиғаларға біріге әрекет ету уақытын қысқартуға бағытталған.

112 нөміріне түсетін қоңыраулардың 80% профильді болып табылмайтындығын, яғни ТЖ қызметіне қатысты емес екендігін аталған болатын. Сондықтан жоба ведомстволық жедел қызметтерге түсетін жалған және анықтамалық қызметтер санын азайтуды көздейді.