
2020 жылы Үкіметтің қаулысымен мерекелік күндер күнтізбесіне «22-желтоқсан-Архившілер күні» болып енгізілді. Өйткені, 1998 жылы дәл осы күні елімізде түңғыш рет Ұлттық архив қоры туралы Заң қабылданған болатын. Сонымен қатар 2021 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен «Архив саласының үздігі» төсбелгісі тағайындалды.
Осылайша, кәсіби мерекеміз бен архив саласының арнайы төсбелгісінің белгіленуі архивист мамандардың мерейін өсіре түсті.
Биылғы жылы 6-шілде Астана күніне орай, алғашқы «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен облысымыздағы архив саласының ардагері Вячеслав Анатольевич Иночкин және салада 30 жылдан астам уақыт қызмет жасаған Шыңғырлау ауданы мемлекеттік архивінің директоры Надежда Григорьевна Хрипченко мен Ақжайық ауданы мемлекеттік архивінің архивисі Асылай Темірболатқызы Мурзагалиева марапатталды.