Теректі ауданындағы Подстепное ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанаты өтті.

Теректі ауданындағы Подстепное ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанаты өтті.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев шараға қатысып, астана күнімен және спорт кешенінің ашылуымен құттықтады.

- Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес 2019-2020 жылдары өңірімізде осындай 9 дене шынықтыру-сауықтыру орталығын салу басталды. Соның бірі – осы Подстепное ауылындағы кешен. Спорт ғимаратында баскетбол, волейбол, шағын футбол, қазақша күрес, еркін күрес, дзю-до сынды спорт түрлерімен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Теректі ауданы - көптеген атақты спортшылардың отаны, - деген Мұхтар Манкеев жаңа спорт кешені қабырғасынан талай чемпондар шығатынына сенім білдірді. Сондай-ақ бұл кешенде ауыл жастары, тұрғындар кешкілік мезгілде және демалыс күндері спортпен айналыса алатынын айтты.
Жиналған қауымды кешеннің ашылуымен «ҚПО б.в.» компаниясы бас директорының орынбасары Адам Чарльз Лоумасс, Теректі ауданының құрметті азаматы зейнеткер Мұсағали Төлегенов құттықтады. Мердігер - «Наурыз» құрылыс коммерциялық фирмасы" ЖШС-ның бас директоры Азамат Ғұбайдуллин жаңа нысанның символдық кілтін «Теректі» спорт клубының директоры Армат Ыбыраевқа тапсырды. Ал «тұсаукесер» рәсімін жасау құрметі Мұхтар Манкеев пен жауынгерлік самбодан әлем және Азия чемпионы Темірлан Ықсанғалиевке берілді.

Аталмыш нысан «ҚПО б.в.» компаниясының әлеуметтік жобаларға бағытталған қаржысы есебінен салынды. Ғимараттың ішінде спортзал, күрес залы, киім ауыстыратын орындар, жаттықтырушылар, медициналық бөлмелері, 160 орындық көрермен залы орналасқан. Спорт кешенін аралап көрген тұрғындар облыс әкімінің орынбасарына тамаша спорт зал үшін рақмет айтып, болашақта бассейн салуды сұрады.