
2021 жылдың 22-23 маусымында Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлеріне жұмыста пайдалану үшін ғарыштық мониторинг нәтижелерімен таныстыру, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылау мақсатында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ-мен кеңес өткен болатын.
«Ғарыш инфрақұрылымының сақталуын және пайдалануды кеңейтуді қамтамасыз ету», «Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ҚР Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінен алынатын ғарыш түсірімдерін ұсыну жөніндегі қызметтер» кіші бағдарламасын іске асырудың мақсаты, талдаудың тиімділігі мен сенімділігін арттыру үшін геоақпараттық технологияларды, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалану және мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялау негізінде Қазақстан Республикасының экономика салаларын ғарыштық мониторингін қамтамасыз ету болып табылады.
Кеңесте осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде ҚР экономикасы салаларында ғарыш мониторингі бойынша жұмыстармен таныстырылып, мамандар өз арасында тәжірибелерімен алмасты.