
Бұл туралы бүгін БҚО әкімі Ғали Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп беру барысында мәлім етті.
-Тасымалдаушы компания жергілікті бюджеттен субсидиялау сомасын ұлғайту туралы өтініш білдірді. Біз оны қолдадық. Егер өткен жылы 500 млн.теңге болса, биылғы жылы автобус паркін жаңартуға 2,5 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлетін боламыз. Бұл сомаға кем дегенде әр түрлі модификациядағы 100 автобусқа дейін сатып алынатын болады. Үлкен автобустар да, шағын маршруттарға шағын автобустар сатып алынады. Маусым айында автобустардың алғашқы партиясы келеді деп уәде бергеніміздей, жаздың соңына дейін біз барлық автобустарды сатып аламыз және заманауи электронды билет енгіземіз деп ойлаймын. Автобус тасымалы мәселесі осы жазда оң шешімін табады. Яғни, мемлекет тасымалдаушы компанияның шығындарын субсидиялау арқасында олар өз есебінен жаңа автобустар сатып алады, - деді өңір басшысы.