
Қойылған сұрақтарға сәйкес азаматтармен әңгімелесуге облыс әкімімен бірге Орал қаласы әкімдігінің және мүдделі органдардың басшылығы қосылды.
Өтініштер негізінен құқық қорғау, тұрғын үй және жұмыспен қамту, оның ішінде жаңа бизнес идеяларды дамытуға гранттар беру, қоғамдық - ақылы жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және қысқа мерзімді оқыту мәселелеріне қатысты болды.
Қабылдау барысында "Диана" тігін фабрикасының директоры жергілікті өндіріс өнімдерін жеткізу мәселесін көтерді. Фабрикада тек мектеп киімі ғана емес, әртүрлі қызмет салалары үшін арнайы киім де шығарылады. Карантинге байланысты өндірісте құлдырау байқалады. Директор мұнай-кен орындарының қызметкерлеріне арнайы киім жеткізу арқылы мәселені шешуге көмектесуді сұрады. Өңір басшысы кәсіпкерге алдағы уақытта КПО б.в., Сичим және тағы да басқа мұнай компанияларының басшыларымен өтетін кездесуге келіп, өнім үлгілерін таныстыруды ұсынды.
Сондай-ақ, облыс әкіміне қала тұрғыны жұмысқа орналасу туралы сұрақпен жүгінді. Бұрын тұрғын мемлекеттік қызметші болған. Аталған мәселе бойынша білім басқармасының басшысы кеңес берді.
Өңір басшысының тұрақты қабылдауына жазылғысы келетін тұрғындар келесі нөмірге қоңырау шалуы керек 8 (7112) 24-44-77, +7 777 228 0372.