БҚО әкімі Ғали Есқалиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Нұрлан Алдияровпен кездесті.

БҚО әкімі Ғали Есқалиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Нұрлан Алдияровпен кездесті.

Кездесу барысында әскери қауіпсіздік мәселелері талқыланып, Н.Алдияров облыс басшысына аумақтық қорғаныс бригадасының командирі қызметіне тағайындалған Қ.Калиевті таныстырды. Өңір басшысы өзінің тәжірибесі және жоғары кәсіби қасиеттерімен аумақ қолбасшылығының әскерлеріне қойылған тапсырмалардың тиімді орындалуына қол жеткізетіндігіне сенім білдіріп, жаңа командирге оларды шешуде табандылық пен сәттілік тіледі.