
Бүгін облыс әкімдігінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеевтің төрағалығымен онлайн режимде ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша кеңес өтті. Оған Орал қаласы мен аудан әкімдері, тиісті облыстық басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды мәселелер талқыланды: селекторлық кеңес өтті. Оған онлайн режимінде Орал қаласы мен аудан әкімдері, тиісті облыстық басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды мәселелер талқыланды: қыстау барысы, көктемгі дала жұмыстарына дайындық, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, пайдаланылмайтын жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару. Күн тәртібіне мал санағы, қаңғыбас иттер мен мысықтарды зарарсыздандыру, облыстағы жаңа жоба - Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша зауыттың жұмысы кірді.
Кеңес барысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы - Жасұлан Халиуллиннің, жер қатынастары басқармасы - Марат Өмірәлеевтің есептері тыңдалды.
Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағамбетов мал басы санағы, қаңғыбас жануарларды зарарсыздандыру, қалдықтар инсинираторларын пайдалану бойынша жұмыс барысы туралы мәселе көтерді.
Барлық мәселелер бойынша оларды жүзеге асыру бойынша нақты жоспарлар белгіленді.
Лилия Сисенбаева,
zhaikpress.kz