БҚО тұрғындарын коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай егу бүгін басталады. Бұған дейін БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде хабарланғандай, бірінші кезекте коронавирустық инфекцияға қарсы екпені инфекциялық стационарлардың, жедел медициналық жәрдем станцияларының қызметкерлері және эпидемиолог дәрігерлер алады.
Барлығы БҚО-ның 180 мың тұрғынын COVID-19-дан егу жоспарлануда.
Айтпақшы, халықты егу үшін ресейлік "Спутник-V"препараты қолданылады. Сонымен қатар, клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінен қазақстандық "KazCOVID-in" вакцинасы өтуде, оны Батыс қазақстандықтарды егу үшін де пайдалану жоспарлануда.
- Осы жылдың ақпан айынан бастап біз екі бөліктен тұратын ресейлік вакцинамен вакцинациялауды бастаймыз. Алдымен бір екпе, ал 21 - ші күні екінші екпе жасалады, - деді БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.