БҚО тұрғындарын коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай егу 1 ақпаннан басталады. БҚО-ның Бас санитарлық дәрігері Мұхаметғали Арыспаев бірінші кезеңде негізінен медицина қызметкерлерін егу жоспарланғанын атап өтті.
- Бүгінгі таңда бізде семинар сабағы ұйымдастырылды, медициналық ұйымдардың 250 маманын дайындаумен облыстық және аудандық деңгейде оқыту семинарлары өткізілді. Келесі күні мыңдаған дозадағы вакцинаның алғашқы партиясы қабылданады. Вакцинацияны қала мен облыстағы 26 егу кабинетінде дайындалған егу қызметкерлері жүргізеді. Егу кабинеттері барлық қажеттіліктермен жабдықталған: шокқа қарсы бұрыштар, вакцинацияның қолайсыз салдары кезінде шұғыл көмек көрсету алгоритмдері. Жалпы, бүгінгі таңда барлық медициналық мекемелер жаппай иммундауға толық дайын, - деді Мұхаметғали Арыспаев.
Сондай-ақ, бас санитарлық дәрігер егуден бас тартқан жағдайда мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты қандай да бір шаралар қолданыла ма деген сұраққа жауап берді.
- ҚР Денсаулық сақтау жүйесіндегі Халық денсаулығы туралы Кодексінің 70 және 77-баптарына сәйкес Қазақстанда вакцинациялау ерікті болып табылатынын білесіздер. Кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация егілушінің келісімімен ғана жүргізіледі, сондықтан Қазақстанда вакцинациялаудан бас тартқаны үшін ешқандай әкімшілік шаралар немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген, - деп нақтылады Мұхаметғали Арыспаев.
Естеріңізге сала кетейік, БҚО тұрғындары ақпан айының басында коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алады. Халықты егу үшін ресейлік "Спутник-V"препараты қолданылады. Вакцинация екі бөліктен тұрады: біріншіден, бір егу жасалады, ал 21 - ші күні-екінші.