
5 қаңтарда 22 949 адам коронавирустық инфекциядан емдеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Covid-19 таратпау жөніндегі ВАК Telegram арнасы.
22 949 адамнан-10 769 КВИ+ және 12 180 КВИ–, оның ішінде стационарларда – 5 328 пациент, амбулаториялық деңгейде-17 671 пациент.
КВИ+ және КВИ науқастарының ішінде: ауыр халде – 302 пациент, аса ауыр халде – 47 пациент; ӨЖЖ аппаратында - 40 пациент бар.
2021 жылдың 3 қаңтарына 7 жағдай тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталды. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап: 45 991 науқас, 513 адам қайтыс болды, барлығы 33 298 адам сауығып кетті.
Көзі:inform.kz