Оралда 2021 жылы жаңа бағдарлама бойынша тағы 50 аула жөнделеді

Оралда 2021 жылы жаңа бағдарлама бойынша тағы 50 аула жөнделеді

Бүгінгі күні осы бағдарлама бойынша сайтқа аула аумақтарын абаттандыру бойынша 23 өтінім келіп түсті.

Оралда 2021 жылға арналған аулаларды абаттандырудың жаңа бағдарламасы енгізілуде, ол өңірдегі аула аумақтарымен жұмыс істеудің заманауи тәсілін айқындайды.
Бағдарламаның негізгі міндеті - "халық үніне құлақ асатын мемлекет"тұжырымдамасы шеңберінде халықтың қатысуымен аулаларды кешенді абаттандыруды жобалау және іске асыру әдісін әзірлеу. Жаңа бағдарлама аясында тұрғындардың өздерін шешім қабылдау процесіне тарту, олардың жобалаушылармен бірлесіп жобаны әзірлеуге тікелей қатысуы жоспарлануда. Осылайша, халықтың жауапкершілігі кеңейеді, көршілердің қоғамдастығы жанданады, өйткені ауланы абаттандыру негізгі пайдаланушылардың қатысуымен проблемаларды кешенді шешуді көздейді, олар кейіннен ауладағы өз аумағын күтіп-ұстауды бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Мұның бәрі кешенде жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамытуға серпін береді.

Ауланың әр үйі тұрғындарының жалпы жиналысын өткізіп, жобаға қатысуға өтінім беру үшін жауапты тұлғаны таңдау қажет. Қазір біз қаланың барлық тұрғындарын жобаны әзірлеуге қатысуға тартамыз, өйткені аумақты жан-жақты тексеру қажет. Нақты ауланы абаттандыруға өтініш беру сайтта қарастырылуда uralsksmartmap.kz", - деп түсіндірді Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев.
Бүгінгі күні осы бағдарлама бойынша сайтқа аула аумақтарын абаттандыру бойынша 23 өтінім келіп түсті. Тұрғындар абаттандырудың қажетті шарттарын жазып берген үйлердің тізімі анықталды. Мысалы, жеке сектордың аулалары аудан ішінде балалар ойын алаңын орнатуды сұрайды.

Соңғы есептеулер бойынша бүгінгі таңда Оралда салынып жатқан жаңа шағын аудандарды қоспағанда, 498 аула бар. Оның ішінде 2007 жылдан бастап 368 аула жөнделді. 2020 жылы коронавирус пандемиясына қарамастан жұмыстар тоқтаған жоқ, облыс орталығының 11 аула аумағы абаттандырылды.

 


6 аулаға спорт алаңдары орнатылып, барлық 11 аулаға балалар ойын алаңдары салынды. Негізінен, кірме жолдарды салу, асфальтбетон жабынын, брусчаткаларды, борт тастарын төсеу, балалардың ойын алаңдарын, спорт алаңдарын, сондай-ақ шағын сәулет нысандарын орнату сияқты жұмыстар орындалды. 2021 жылға 19 аула аумағын абаттандыру бойынша ЖСҚ әзірленуде, сондай-ақ жоспарға сайтқа келіп түскен барлық өтінімдер енгізілетін болады. Осылайша, 2021 жылға жоспар бойынша облыс орталығының 50 ауласын абаттандыру қарастырылған, - деді Ж.Дүйсенғалиев.