Облыс әкімі Ғали Есқалиев фейсбуктегі жеке парақшасы арқылы батысқазақстандықтарды ел тәуелсіздігінің 29 жылдығымен құттықтады.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев фейсбуктегі жеке парақшасы арқылы батысқазақстандықтарды ел тәуелсіздігінің 29 жылдығымен құттықтады.

Ол бұл күн - сонау Сақ, Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері ретінде ата-бабамыз сан ғасыр бойы сақтап келген Ұлы Дала елінің қастерлі мерекесі екенін айтты. Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханұлы «Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті!» деп біздің болашағымызды әдемі болжап кеткен еді. Осы сөздің дәлелі - халқымыздың елеулі еңбегі, Елбасымыздың татулықты ту еткен саясаты деп түсіну қажет, деді аймақ басшысы.

https://youtu.be/kfmk2PQnTZI