
Тәуелсіздік күні қарсаңында полицейлерге облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.
Полиция Департаментінде облыс әкімі Ғали Есқалиев БҚО полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті. Кездесу барысында полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры М.Аблазимов ағымдағы жылдың 11 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Ғали Есқалиев жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, полицейлерге құқық тәртібі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі үздік қызметі үшін алғыс айтты.
Алғыс хаттар мен грамоталар қызметі бойынша ерекшеленген 12 полиция қызметкеріне табыс етілді.