БҚО-да геопортал іске қосылды

БҚО-да геопортал іске қосылды

Порталды құру екі кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде жобаның бағдарламалық жасақтамасын сатып алу, екінші кезеңде геопорталды біріктіру және толтыру жүргізілді. Геопорталдың іске қосылуының арқасында жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізу жеке тұлғалар үшін де, заңды тұлғалар үшін де бірдей болады.

"Бұл геопорталда бос және жұмыспен қамтылған жер учаскелерінің, сондай-ақ коммерциялық және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін сауда-саттыққа шығарылған жер учаскелерінің схемалары, жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін Кезекте тұрғандардың тізімдері, бос және пайдалануға берілген кен орындары, орман және су қорының объектілері, гидротехникалық құрылыстар және магистральдық құбырлар ұсынылған. Сондай-ақ, автомобиль және темір жолдар, инженерлік желілер, ауылшаруашылық жерлер, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және туризм нысандары белгіленеді. Бас жоспарлар, елді мекендерді егжей – тегжейлі жоспарлау жобалары сияқты қала құрылысы құжаттамасы ұсынылады. Бұдан басқа, геопортал арқылы жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестері оларды электрондық түрде көрсету мақсатында автоматтандырылады", – деп хабарлады БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Өмірәлиев.

Оның айтуынша, қазір мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялық процестер, геопорталды графикалық және атрибуттық деректермен толтыру жүзеге асырылуда. Интеграциялық жұмыстар аяқталғаннан кейін, ағымдағы жылдың соңына қарай геопортал іске қосылады деп жоспарлануда.

"Пайдалануға берілгеннен кейін жеке және заңды тұлғалар үшін бірыңғай кеңістіктік деректер базасына ашық қолжетімділік қамтамасыз етіледі, тиісінше, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің едәуір төмендеуі күтіледі, өйткені көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысы алынып тасталады, барлық мемлекеттік қызметтер тек электрондық түрде көрсетілетін болады", – деп атап өтті М.Өмірәлеев.

Естеріңізге сала кетейік, Батыс қазақстан облысы бойынша цифрландыруға жататын жерлердің жалпы ауданы 6 519 808 га құрайды, оның ішінде егістік 541 801 га, жайылымдық жерлер 5 527 200 га, шабындық жерлер 450 035 га.қазіргі уақытта цифрландырылған ауыл шаруашылығы алқаптарының саны 5 605 536 га құрайды, бұл жалпы санның 86%-ын құрайды.