
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2020 жылғы 25 желтоқсан күні сағат 15.00-де Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Нәжімеденұлы Есқалиевтың «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өткізіледі.
Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды «egov.kz» Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, сондай-ақ пошта арқылы немесе қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.
Өтініштерді қабылдау 2020 жылғы 9-18 желтоқсан күндері аралығында жүргізіледі.
Қабылдауға жазылу бойынша кеңестерді 87112242036 телефоны арқылы алуға болады.