Ауылдарға интернет: өңірде Starlink терминалдары орнатылуда

“Қолжетімді Интернет” ұлттық жобасы аясында 2027 жылға дейін өңір аумағындағы 220 ауылды талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Аталған іс-шаралар шеңберінде 29 ауылға «Қазақтелеком» АҚ мен «Транстелеком» АҚ бірлесіп Starlink спутниктік терминалдарын орнатуды жоспарлаған.
Бүгінгі таңда 24 ауылда 33 мемлекеттік нысанға спутниктік интернет орнатылды. Оның ішінде: 19 медициналық мекеме, 7 мектеп, 6 әкімдік ғимараты, 1 кітапхана бар.
Жоба ауыл тұрғындарының цифрлық қолжетімділігін арттыруға және әлеуметтік маңызы бар нысандарды тұрақты интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған.