Батыс Қазақстан облысында «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы аясында 24 ауыл интернетке қосылды

Батыс Қазақстан облысында «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы аясында 24 ауыл интернетке қосылды

📡 Батыс Қазақстан облысында “Қолжетімді Интернет” ұлттық жобасы іске асырылуда
“Қолжетімді Интернет” ұлттық жобасы аясында Батыс Қазақстан облысында халық саны 50-ден төмен ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.
Осы бағытта ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, “Jusan Mobile” АҚ және облыстық цифрлық технологиялар басқармасы бірлесе отырып 24 ауылға OneWeb спутниктік байланыс станцияларын орнатты.
🔹 Нәтижесінде:
бұрын байланыс болмаған немесе әлсіз елді мекендерде тұрақты әрі жоғары жылдамдықты интернет қолжетімді болды;
оқушылар үшін онлайн білім алу және қашықтан оқу мүмкіндіктері кеңейді;
тұрғындар электрондық мемлекеттік қызметтер мен телемедицинаны пайдалана бастады;
кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары үшін цифрлық сервистерге қолжетімділік артты.
🚀 Жоба цифрлық теңсіздікті азайтуға және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.