Жасанды интеллект пен цифрлық дамудың жаңа кезеңі: 2025 жылдың қорытындысы

Жасанды интеллект пен цифрлық дамудың жаңа кезеңі: 2025 жылдың қорытындысы

🌐 2025 жылы Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жоспардағы іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асырды. Мемлекеттік қызметті цифрландыру, телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, IT-секторды қолдау және цифрлық жобаларды енгізу жұмыстары жалғасын тапты.

Сонымен қатар жасанды интеллект мемлекеттің күн тәртібіне толыққанды енді. Президент бастамасы мен тапсырмасы бойынша Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Бұл - білім беру мен мемлекеттік басқаруды ЖИ негізінде жүйелі түрде трансформациялауға мүмкіндік берді, реттеу ережелерін, басқару институттарын, есептеу инфрақұрылымын және кадр даярлау жүйесін қалыптастыруға оң ықпалын тигізіп, мемлекет жауапкершілігін жаңа сатыға көтерді. Осы ерекшелік 2025 жылдың басты айырмашылығы болды.