Аппараттық кеңес: білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
📌 Аппараттық кеңес: білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллиннің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Кеңес жұмысына басқарма орынбасарлары, құрылымдық бөлім басшылары және аудандық, қалалық білім бөлімдерінің өкілдері қатысты.
🔹 Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды: 1️⃣ Bko.gov.kz ресми сайтының тиімді жұмысын қамтамасыз ету 2️⃣ Білім беру ұйымдары басшыларының бос лауазымдарына жүргізілген талдау 3️⃣ Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен Ауыл оқушыларының олимпиадасы нәтижелері 4️⃣ Орал, Бәйтерек, Бөрлі, Сырым аудандарындағы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары
📝 Аппараттық кеңес барысында нақты тапсырмалар беріліп, келесі кезеңдегі жұмыс бағыттары айқындалды.