Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкерлер жасанды интеллект бойынша оқытудан өтті

2025 жылдың 19 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысының басқармаларының, аудандық әкімдіктердің цифрлық технология саласына жауапты мамандары жасанды интеллект бойынша оқу курсынан өтті. Аталмыш оқыту “Batys hub” кеңсесінде өткізілді. Оқыту аяқталғаннан кейін жауапты мамандарға сертификаттар табысталды.