Облыстық білім басқармасында кезекті аппараттық кеңес өтті

Облыстық білім басқармасында кезекті аппараттық кеңес өтті
 
 

📍 Облыстық білім басқармасында кезекті аппараттық кеңес өтті

БҚО білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллиннің төрағалығымен өткен кеңес жұмысына аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, БҚО әкімдігі жобалық кеңсесінің бас жобалық менеджері, сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департамент өкілдері қатысты.

Кеңесте келесі маңызды мәселелер қаралды:

1️⃣ Bko.gov.kz сайтының жұмысын жетілдіру бағытындағы шаралар;
2️⃣ Білім беру ұйымдарына жұмысқа орналасқан азаматтарға қатысты заңнамалық шектеулердің сақталуы бойынша талдау нәтижелері;
3️⃣ ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан педагогтерді марапаттау бойынша мониторинг жұмыстары;
4️⃣ Су тасқынының алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан шаралар.

📌 Кеңес қорытындысында нақты ұсыныстар айтылып, аудандық бөлімдерге тиісті тапсырмалар берілді.