Орал — цифрлық серіктестік пен инновациялық ынтымақтастық алаңы

Орал — цифрлық серіктестік пен инновациялық ынтымақтастық алаңы

🚀 Цифрландыру және жасанды интеллект — мемлекеттік дамудың негізгі басымдықтарының бірі. Осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында 11 қараша күні Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында Қазақстан мен Ресейдің XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті.

💡 Форум аясында «Цифрлық экономика және жасанды интеллект. Техникалық серпіліс үшін кадрларды даярлау» тақырыбында панельдік сессия ұйымдастырылып, технологиялық жаңғыру, IT-кадрларды даярлау және жасанды интеллектті енгізу мәселелері талқыланды.

🤝 Іс-шараға Орал қаласы Цифрландыру басқармасы мен Ақпараттық технологиялар орталығы қатысып, өңірдегі цифрлық даму, инновациялық шешімдер және IT-инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстары бойынша тәжірибемен бөлісті.

🌐 Форум — екі елдің цифрлық серіктестігін нығайтып, бірлескен жобаларды дамытуға бағытталған маңызды алаң болды.

✅ Цифрлық даму — өңір прогресінің негізі.
✅ Инновация — жаңа мүмкіндіктер кілті.