Қазақстанның «Smart City» рейтингінде Орал көшбасшылар қатарына көтерілді

Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі республиканың «Smart City» қалаларының рейтингін жасады. Аталған рейтинг бойынша Орал қаласы үздік бестіктің қатарына енді. Бұл рейтингте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, экология және жер қатынастары салалары ескеріледі. Үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында цифрландыру саласындағы жобаларды іске асыру бойынша облыстық жол картасы бекітілді.