Бүгін Эстонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Яаап Ора мырза BATYS HUB орталығына ресми сапармен келіп, орталықтың қызметімен танысты.
Сондай-ақ, елші «Қазақстандағы жасанды интеллекттің дамуы» тақырыбында өткен семинарға қатысып, жастармен еркін форматта пікір алмасты. Семинарға қатысқан студенттер өз ойларын ортаға салып, АИ саласындағы тың идеялармен бөлісті.
🌐 Цифрлық трансформация мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту жолындағы мұндай кездесулер жастар үшін үлкен мүмкіндік екені сөзсіз!