БҚО Өңірлік жобалық кеңсесі Казталов ауданында жобалардың жүзеге асырылуына әдістемелік қолдау көрсетті

БҚО Өңірлік жобалық кеңсесі Казталов ауданында жобалардың жүзеге асырылуына әдістемелік қолдау көрсетті
 

Батыс Қазақстан облысының Өңірлік жобалық кеңсесі практикалық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында Казталов ауданына іссапармен барды. Сапар барысында аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысып, олардың тиімді әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған әдістемелік қолдау көрсетілді. Жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Айдар Қазбекұлы және ауданның құрылымдық бөлімдерінің мамандары қатысты.

Іссапар аясында Казталов ауданы, Қараөзен ауылында Жалпыұлттық жоспар іс-шараларына сәйкес 1300 мектепті жаңғырту және күрделі жөндеу жобасы шеңберінде 2025 жылы күрделі жөндеуден өтетін білім беру ұйымдарының бірі – Қараөзен мектеп-лецейі КММ-нің құрылыс барысымен таныстыру ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, БҚО әкімінің орынбасары Тлепберген Каюповтың тапсырмасына сәйкес, ауданда жүзеге асатын инвестициялық жобаларды»Битрикс» ақпараттық жүйесіне енгізу қажеттігі* атап өтілді. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жобасының орындалу барысы қаралып, оның сапалы және мерзімінде жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті әдістемелік ұсыныстар берілді.