Батыс Қазақстан облысының Өңірлік жобалық кеңсесі практикалық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында Жаңақала ауданына іссапармен барды. Сапар барысында аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысып, олардың тиімді әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған әдістемелік қолдау көрсетілді. Жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Айдар Қанатқалиұлы және ауданның құрылымдық бөлімдерінің мамандары қатысты.
Іссапар аясында Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылында Жалпыұлттық жоспар іс-шараларына сәйкес 1300 мектепті жаңғырту және күрделі жөндеу жобасы шеңберінде 2025 жылы күрделі жөндеуден өтетін білім беру ұйымдарының бірі – Д.Нұрпейісова атындағы орта мектеп КММ-нің құрылыс барысымен таныстыру ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, БҚО әкімінің орынбасары Тлепберген Каюповтың тапсырмасына сәйкес, ауданда жүзеге асатын инвестициялық жобаларды ”Битрикс” ақпараттық жүйесіне енгізу қажеттігі* атап өтілді. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жобасының орындалу барысы қаралып, оның сапалы және мерзімінде жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті әдістемелік ұсыныстар берілді.