Шекара бекеттерінде Starlink интернеті сыналды: жылдамдық 80–366 Мбит/с
![Шекара бекеттерінде Starlink интернеті сыналды: жылдамдық 80–366 Мбит/с]()
🌐 Шекарадағы автокөлік өткізу бекеттерінде Starlink спутниктік интернетінің қолжетімділігі тексерілді. Цифрлық даму вице-министрі Досжан Мусалиев пен Телекоммуникациялар комитеті жүргізген сынақ барысында интернет жылдамдығы 80-нен 366 Мбит/с-қа дейін көрсетті. Сонымен қатар OneWeb интернеті мен 4G байланысының сапасы да бағаланды.
Туристік нысандарға да назар аударылды. Мысалы, Шарын шатқалында Starlink жылдамдығы 200 Мбит/с-тен асты. Бұл спутниктік интернет дәстүрлі инфрақұрылым салу мүмкін емес жерлерде тиімді балама бола алатынын дәлелдеді.
Тексеру қорытындысы бойынша барлық шекаралық нысандардың тізімі нақтыланып, қамту картасы жасалатын болды.