Орал қаласында TORUS.KZ компаниясының 2 интерактивті терминалы орнатылды

Орал қаласында TORUS.KZ компаниясының 2 интерактивті терминалы орнатылды

💡 TORUS.KZ компаниясы әзірлеген сыртқы, антивандалды, әр маусымға бейімделген интерактивті терминалдың 2 данасы Орал қаласына орнатылды.

Орнатылған мекенжайлары:

1) Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, Қазақ драма театры мен облыстық әкімшілік ғимаратының ортасында

2) Қадыр Мырза Әли даңғылы алаңында

Жобаның мақсаты:
Орал қаласының туризм саласын дамыту. Киоскілерде түрлі функциялар қарастырылған: келген қонақтарға қала мен облыстың киелі жерлері туралы ақпарат, қаланың ескерткіштерінің 3D үлгілері, виртуалды турлар. Сонымен қатар, мейрамхана мен қонақүйді жалға алу мүмкіндігі, 2GIS қосымшасы орнатылған. Мысалы, Қалада өтетін шараларға ticket07.kz сайты арқылы тікелей билет сатып алуға болады. Бұл – нағыз ақпараттық киоск, мақсаты – өңірдің туристік әлеуетін арттыру.

Ерекшелігі:
Киоскілерге арнайы әзірленген infokiosk бағдарламасы орнатылған. Бұл бағдарлама авторлық құқықпен қорғалған және киберқауіпсіздік технологияларымен жабдықталған (мысалы, зиянды әрекеттерден қорғау). Ішінде invest07.gov.kz облыстық инвестициялық порталы , visit-uralsk.kz облыстық туристік порталы, egov.kz порталына және 2GIS қызметіне қол жеткізу мүмкіндігі бар. . Бағдарламалық жасақтама PHP және C# тілдері арқылы әзірленген.

💬 Жобамен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төлеғалиұлы, Орал қаласының әкімі Мұрат Болатұлы және Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Камашев Нұрғиса Мәлікұлы танысып, жоғары бағасын берді.