
Цифрландыру саласында атқарылған жұмыстар туралы
АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллект және цифрлық технологиялар дәуіріндегі Қазақстан бойынша өзекті мәселелерді атап өткен болатын. Осы бастама және Smart City аясында облысымызда:
Тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында тәулік бойы ikomek109 бірыңғай call-орталығы жұмыс істейді.Осы жобаның негізгі әсері коммуналдық кәсіпорындарданақпарат пен қызметтер алу кезінде халық үшін ыңғайлылықты арттыру, халықтың өтініштерін өңдеу уақытын қысқарту болып табылады. Сондай-ақ «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау платформасымен интеграция бойынша жұмыс жүргізілді. Қазіргі таңда саll-орталыққажасандыинтеллект функциясын қосу жұмыстары жүргізілуде.Яғни, бұл функцияны қосқан кезде тұрғындардан келіп түсетін қоңырауларға робот автоматты түрде жауап беру мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Қауіпсіздік саласында бейнебақылау жүйесін кеңейту аясында 2025 жылы Орал қаласында жасанды интеллект фунциясымен 300 бейнекамераны орнату жұмыстары жүргізілді(Анықтама:бетті тану, автокөлік номерлерін анықтау, қауіпсіздік белгіліні, ұялы телефон пайдалану, қылмыстың алдын-алу т.с.с көптеген функциялар).
Сонымен бірге, орман өрт қауіпсіздігін алдын алу және өртті ерте анықтау мақсатында, жасанды интеллект фунциясымен 10 бейнекамера орнатылды(Анықтама:аталған бейнекамералар Приуральное, Рубежинское, Трекино, санаторий Ақжайық, Янайкино, Бударино, Чапаев, Тайпақ, Базартөбе және Орал қаласында орналасқан.).
Денсаулық сақтау саласында №2 емханада жасанды интеллект фунциясымен халыққа автоматты түрде қоңырау шалу бойынша жүйе енгізілді.
Көлік саласында қоғамдық көлікті диспетчерлеу жүйесі енгізілді. Қаланың барлық автобустарында қоғамдық көліктерде электронды жолақы төлеу жүйесі енгізілді.
Жер қатынастары саласында геоақпараттық портал іске қосылды. Аталған порталды іске қосудың басты мақсаты – мақсатқа сай пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау, ауыл шаруашылығы жерлерінің дұрыс пайдаланылуына бақылау жүргізу.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ауыз суды тұтынуды есепке алу және су беру қызметтерінің құнын субсидиялауды автоматтандыруға арналған E-sep.su жобасы жұмыс істейді. Бұл бағдарламалық кешен су тұтынудың ашықтығын алуға, субсидиялау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету қағидаларын сақтауға мүмкіндік береді.
IT саласын дамыту бойынша IT қауымдастығымен бірлесіп Astana Hub Startup Tech orda бағдарламасы аясында 2022 жылы IT-Hub бағдарламалау мектебі ашылды. Төрт жыл ішінде Astana Hub халықаралық технопаркі IT-Hub бағдарламалау мектебіне 61 грант бөлініп, 6 айға есептелген курстарды жетекші IT компанияларының қазіргі IT инженерлері жүргізеді. Осы гранттар есебінен бағдарламалаудың жеделдетілген курстарынан 58 жас маман өтіп, аталған түлектер бүгінгі күні жергілікті IT компанияларында жұмыс істеуде.
Сондай-ақ, 2025 жылы IT-Hub бағдарламалау мектебіне 20 грант бөлініпқараша айында осы гранттар есебінен студентті оқыту басталды. Оқу аяқталғаннан кейін бағдарламалау курстарын аяқтағаны туралы сертификаттар және жергілікті IT компанияларға жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Облысымызда IT-стартаптардың тартылыс нүктесі болуға арналған «Batys Hub» алаңы ашылды, арнайы «Astana Hub» Корпоративтік қорымен ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды.
Бұл алаңды ашудың мақсаты - оқыту және инкубациялау, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ IT-тақырып бойынша жастар арасында таланттарды анықтау арқылы IT-стартаптарды ілгерілету болып табылады.
«Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің Жарлығын орындау шеңберіндеоблыстың бюджеттік жоспарлау процестерін цифрландыратын «Орал 365» ақпараттық жүйе енгізілді.
БҚО әкімдігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің сайттарын оңтайландыру шеңберінде bkogov.kz бірыңғай интернет-ресурсқа 900-ден астам сайтты орталықтандыру жұмыстары жүргізілді. Аталған портал мекемелер үшін ыңғайлы интерфейсымен, сонымен қатар өзекті ақпаратпен толтыруды реттелетін бақылау фунциясы бар.
Сонымен қатар тұрғын үй сатып алу мақсатында жеңілдетілген несие бөлу бойынша «Жайық жастары 2025» өңірлік бағдарламасы үшін портал жасақталды.
Сондай-ақ, цифрлық технологияларды қолдана отырып Орал қаласы тұрғындары мен қонақтарына өңіріміздің көрікті жерлерін, сауда орындарын және өзге де мәліметтерді оффлайн форматта көрсету мақсатында қала көшелеріне екі «infoKiosk» бағдарламалық-интерактивті кешенін орнатылды.
Туризм саласын дамыту мақсатында жасанды интелектке негізделген Жәңгір хан бейнесін цифрландырып, Батыс Қазақстан облысы тарихи-өлкетану мұражайына орналастыру жұмыстарын ағымдағы жылы басталатын болады.
Сонымен-қатар 2026 жылдан бастап жаңартылған Smart City тұжырымдамасы аясында цифрландыру бойынша жаңа жобалар енгізілетін болады.