Көп пәтерлі тұрғын үйлерде (әрі қарай – КТҮ) жөндеу жүргізу үшін пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының 2/3 келісімі қажет.
КТҮ-де күрделі жөндеу жұмыстары (шатыр, кіреберіс, жертөле, қасбет, инженерлік жүйелер, жолаушылар лифтін ауыстыру).
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (әрі қарай – ЖАО) бюджеттеріне республикалық бюджеттен қосымша 7 жылға жылдық 0,1 %-бен бюджеттік кредиттер бөлінетін болады.
КТҮ-ге пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қайтарымды қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізуді жарғылық капиталына мемлекет қатысатын мамандандырылған уәкілетті ұйымдар жүзеге асырады. Тұрғындар қайтарған сомаларды мамандандырылған уәкілетті ұйым басқа КТҮ-ні жөндеуге пайдалана алады. ЖАО мамандандырылған уәкілетті ұйымды ұстауды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етеді.
Кондоминиум объектісін басқару органы, оператор (бас мердігер) болып табылатын мамандандырылған уәкілетті ұйым мен пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері арасында КТҮ-ге күрделі жөндеу жүргізуге, сондай-ақ лифт жабдығын жөндеуге (ауыстыруға) шарт жасалады.
Бұдан басқа, ЖАО жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз ету шартымен ЖСҚ-сы бар КТҮ-ні күрделі жөндеуді және лифтілерді жөндеуді (ауыстыруды) ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыра алады.
Мамандандырылған уәкілетті ұйым қосалқы мердігерлерді қажет болған жағдайда тартуға құқылы. КТҮ-ні күрделі жөндеу ұйымдастыру-технологиялық жобалау құжаттамасына – жобаға (жұмыс жобасына), күрделі жөндеуді ұйымдастыру жобасына және жұмыстарды жүргізу жобаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қайтарымды негізде күрделі жөндеу жүргізу тетігін іске асыру үшін оның қатысушылары мынадай іс-қимылдарды орындайды.
ЖАО:
- пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің өтінімдері бойынша жөнделуі тиіс үйлердің тізбесін қалыптастыруды;
- лифт жабдықтарын жөндеу және ауыстыру, техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын мамандырылған техникалық сараптама ұйымының қорытындысы негізінде жөнделуге және ауыстыруға тиіс лифт жабдықтарының тізбесін қалыптастыруды;
- кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеру жүргізуді ұйымдастыруды;
- тұрғын үйге энергетикалық аудит жүргізуді ұйымдастыруды;
- күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысын бақылауды және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен орындалған жұмыстар үшін қаражатты қайтару мониторингін қамтамасыз етуді;
- басқару органдарымен және тұрғын емес, пәтерлердің үй-жайлардың меншік иелерімен жасалған шарттарға сәйкес пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтарудың 7 жылға дейінгі (күрделі жөндеу жұмыстарының түрлеріне байланысты) мерзімін сақтауын қамтамасыз етуді;
- жалпы жиналыста тағайындалатын, мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың, мердігер ұйымның, кондоминиум объектісін басқару органдарының, тұрғын үй инспекцияларының және (немесе) тиісті бюджеттік бағдарламаға жетекшілік ететін бөлімдердің, сондай-ақ техникалық қадағалау (пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерімен келісе отырып, авторлық қадағалау), мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының басшыларынан, жөнделетін объектілердегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қатарынан жауапты тұлғалар (кемінде жеті адам) қатарынан қабылдау комиссиясын қалыптастыруды; Бұл ретте қаражатты қайтару графиктері жасалады, ол қаражатты одан әрі жөндеу үшін пайдалануды болжауға мүмкіндік береді.
Мамандандырылған уәкілетті ұйым:
- басқару органдарымен және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерімен күрделі жөндеуді орындауға шарттар жасасуды;
- шартқа сәйкес күрделі жөндеуді орындауды;
- қажет болған кезде қосалқы мердігер ұйымдармен шарттар жасасуды;
- жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жіберілген кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды;
- пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен – шартқа қатысушылардан берешекті сот тәртібімен өндіріп алуды ұйымдастыруды;
- күрделі жөндеу жүргізуге арналған ЖСҚ мен шығындар сметасын әзірлеуді және оны пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелерімен келісуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Кондоминиум объектісін басқару органы:
- мамандандырылған уәкілетті ұйым әзірлеген ЖСҚ, шығыстар сметасын, ақаулар ведомостарын келісуді ұйымдастырады;
- мамандандырылған уәкілетті ұйыммен жасалған шартқа қол қоюды қамтамасыз етеді;
- жиналыстың шешімін орындаудан бас тартқан және шартқа қатыспайтын үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы талап арыз беруді жүзеге асырады.
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жиналысы:
- кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдайды;
- қосалқы мердігер ұйымды (оны тарту қажет болған кезде) таңдауды келісуді жүзеге асырады;
- күрделі жөндеу жүргізуге арналған ЖСҚ-ны белгілейді;
- әрбір пәтерге (үй-жайға) жүктелетін, жеке (бөлек) меншіктегі тұрғын және (немесе) тұрғын емес аудандардың пайдалы ауданының осы кондоминиум объектісіндегі барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңдарының жиынына қатынасымен айқындалатын күрделі жөндеу жүргізуге шығыстар сомасын бекітеді;
- орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысу үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері арасынан жауапты тұлғаларды таңдауды жүзеге асырады.
Орындалған жұмыстарды қабылдауға мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың, мердігер ұйымның, кондоминиум объектісін басқару органдарының, тұрғын үй инспекцияларының және (немесе) тиісті бюджеттік бағдарламаға жетекшілік ететін бөлімдердің басшылары, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау, сондай-ақ техникалық қадағалау (үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің келісімімен авторлық қадағалау) жөніндегі мемлекеттік инспектор, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары, жөнделетін объектілердің үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің қатарынан жалпы жиналыста тағайындалатын жауапты адамдар (кемінде жеті адам) қатысады.
КТҮ күрделі жөндеуді қаржыландырудың қосымша тетігі күрделі жөндеу жүргізу процесіне мүліктің меншік иелерін біріктіріп, пәтерлердің меншік иелерін тарту болады немесе жай серіктестік екінші деңгейдегі банктердің бірінде жинақтаушы шоттарда КТҮ-нің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге пәтерлердің меншік иелерінің жарналарын жинақтайтын болады.