
Бүгін Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мирас Рүстемұлы Мүлкәй БҚО Казталов ауданының энергетика саласында көп жылдар жемісті еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ің «Еңбек ардагері» төсбелгісін табыстады.Бектілеуов Мұқанғали Бақтығалиұлына Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігін
Бектілеуов Мұқанғали Бақтығалиұлы 1946 жылы 9 мамырда Казталов ауданы, Қошанкөл ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Богатырев 11 жылдық мектебін бітіргеннен кейін еңбек жолын тракторшы болып бастады. 1965-1968 жылдары аралығында Венгрия Республикасында Совет армиясы қатарында азаматтық борышын өтеп келді.
1971 жылы Орал ауыл шаруашылығы техникумын бітіргеннен кейін, кеңшардың МТМ меңгерушісі, инженер – электрик, 1972 жылдың қазан айынан 1983 жылдың маусым айына дейін Казталов аудандық электр жүйесі мекемесінде мастер, кейін бастығы болып қызмет атқарды. Одан кейін Казталов аудандық әкімшілігінде энергия бақылау инспекторы болып 1999 жылдың аяғына дейін бір салада 27 жыл бойы аянбай жемісті еңбек етті.
1972-7983 жылдары Казталов аудандық электр жүйесі мекемесінде еңбек еткен кезде бұрын болмаған Қараоба, Қошанкөл ауылдық округтеріне электр жүйесін орнатып, аталған совхоздардың шаруашылығын дамытуға үлкен үлес қосты. Электр жүйесі саласында еңбектері еленіп, Казталов аудандық Советтік депутаты болып 3 мәрте сайланды.
Мұқанғали Бақтығалиұлын «Еңбек ардагері» төсбелгісін алуымен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.