2021 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша АНЫҚТАМА

«Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша

АНЫҚТАМА

 

 

Орал қаласы                                                        2021 жылғы 17 мамыр

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2021 жылғы 17 мамырдағы №73 бұйрығы негізінде жүргізілді.

 

Талдаудың мәні:

  • Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
  • Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  • Мүдделер қақтығысын реттеу;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету;
  • Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  • Бақылау функцияларын іске асыру;
  • Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

 

Талдау жүргізу кезеңі: 01.01.2018 ж. – 01.01.2021 ж.

 

Талдау жүргізу уақыты: 17.05.2021ж. – 18.05.2021 ж.

 

Талданатын объекті туралы мәлімет:

«Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Мекенжайы: БҚО, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116 ғимарат, 2 қабат.

 

  1. Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

«Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті  атқарушы орган болып табылады.

Басқарманың ведомствалық бағынысты ұйымы – жоқ.

«Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметі мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғау туралы Заңына, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, облыс әкімдігінің қаулыларына, облыс әкімінің шешімдеріне, «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне, басқарма басшысының бұйрықтарына. Басқарманың ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.

«Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Батыс Қазақстан облысы аумағында энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

Басқарма қызметін реттейтін салалық заңдар мен заңға тәуелді актілердің тізімі:

  • «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қазақстан Республикасының Су Кодексі;
  • «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысы;

 

Талдау көрсеткендей, Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 67, 68 және 73-баптарындағы қайшылықтар бар.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 67-бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын ҚР-ның есепте тұрған азаматтарының пайдалануына беріледі.

Бұл ретте, осы санатқа олардың мәртебесі Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін тоқтатылатын оралмандар (68-бап) жатады ("Халықтың көші-қоны туралы"ҚР Заңының 25-бабы).

Тұрғын үйді кезек күту мерзімі бірнеше жыл болуы мүмкін екенін ескере отырып, осы кезеңде оралман мәртебесі жоғалады. Егер кезекте тұрған оралман өзінің мәртебесін жоғалтқаннан кейін халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызылуы мүмкін (көп балалы отбасы, 1 немесе 2 топтағы мүгедектер және т.б.), яғни оған тұрғын үй берілуі мүмкін. Алайда, егер бұл санатта болмаса, оралмандарды бұрынғы кезекте сақтау мүмкін емес.

Оралман өз мәртебесін жоғалтқан жағдайда, тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті органның («Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 73-бабы) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды (оралмандарды) осы санат бойынша есептен шығаруға негіздері жоқ.

Осыны ескере отырып, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 67, 68 және 73-баптарының арасында оралмандарды тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою тәртібі және оларды есептен шығару тәртібі бойынша қайшылықтар орын алады деп ойлаймыз.

 

  1. Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

  • Тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту және газдандыру бөлімінің штат саны - 4 қызметкерді құрайды.

Көрсетілген кезеңде мемлекеттік қызметте 2020 жылдың 15 маусымындағы «Асыл Құрылыс Групп» ЖШС хатымен Түркістан облысы Арыс қаласындағы 45 тұрғын үйлерді ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары нысаны бойынша 2019 жылдың 01 тамызында №42 мемлекеттік сатып алу туралы Шарттың соммасын қайтару негізінде маусым-шілде айларында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыкка карсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша депортаментінің   қызметкерлерімен «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының» ММ тұрғын  үй шаруашылығын жаңғырту және газдандыру бөлімінде №202700131000123 қылмыстық іс қозғау негізінде құжаттарды алу туралы қаулы қабылданған.

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті 2020 жылдың 17 қарашасында «Бірлік» ЖШС директоры А.И. Конеевке қатысты №202700121000012 қылмысытық іс жүргізілуіне байланысты «БҚО, Орал қаласының ЖЭО магистральдық және жеткізуші газ құбыры» нысаны бойынша құжаттарды алу туралы қаулы қабылданған.

 

Негіздеме: ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыкка карсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша депортаментінің №202700131000123 қылмыстық іс қозғау негізінде құжаттарды алу туралы қаулысы.

БҚО бойынша экономикалық тергеу депортаментінің 2020 жылдың 17 қарашасында №202700121000012 қылмыстық іс қозғау негізінде құжаттарды алу туралы қаулысы.

 

Қорытынды: Орындалған жұмыстарды қабылдау кезінде жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында орындалған жұмысты көзбен көру үшін бейнеаппаратураны міндетті түрде пайдалануды қамтамасыз ету;

Бюджет қаражатын бөлудің және жұмсаудың ашықтығын арттыру мақсатында орындалған жұмыстар актісіне "сырттай" қол қою практикасын алып тастай отырып, ресми интернет-ресурста және әлеуметтік желілерде хабарландыру жариялау арқылы әлеуметтік маңызы бар объектілер мен инфрақұрылымның құрылыс жұмыстарын қабылдау рәсімін жүргізу кезінде жұртшылықты тарту практикасын енгізу;

Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары немесе салынып жатқан объектілер туралы есепті ашық бюджеттердің интерактивті картасында фото - бейне файлдармен тұрақты түрде жариялап отыру;

Бөлімнің персоналды басқару қызметі тиісті дәрежеде жүргізіліп отыр. Дегенмен, мемлекеттік қызметтегі шектеулер мен атқарушылық тәртіпті қатаң сақтау мақсатында тиісті дәрежедегі аппараттық оқуларды өткізу тәжірибесін әрі қарай жетілдіру қажет.

  • Коммуналдық шаруашылықты дамыту бөлімінің штат саны - 5 қызметкерді құрайды.

2020 жылдың ІІ жартыжылдық жағдайы бойынша бөлімде 2 кадр ауысты.

Көрсетілген кезеңде мемлекеттік қызметте Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi бұзғандықтан 2020 жылдың шілде тамыз айларында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыкка карсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша депортаментінің   қызметкерлерімен «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының» мемлекеттік мекемесінің коммуналдық шаруашылықты дамыту бөлімінің 2018-2019 жылдары жұмыс жасаған бас маманы Б.О. Иламановқа катысты №202700131000073 қылмыстық іс қозғау негізінде құжаттарды алу туралы қаулы қабылданған.

 

Негіздеме: ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыкка карсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша депортаментінің №202700131000073 қылмыстық іс қозғау негізінде құжаттарды алу туралы қаулысы.

 

Қорытынды: Бөлімнің персоналды басқару қызметі тиісті дәрежеде жүргізіліп отыр. Дегенмен, жұмысты цифрландыруға көшіру ұсынылады, мемлекеттік қызметтегі шектеулер мен атқарушылық тәртіпті қатаң сақтау мақсатында тиісті дәрежедегі аппараттық оқуларды өткізу тәжірибесін әрі қарай жетілдіру қажет.

 

  1. Басқармаға қатысты мемлекеттік органдардың

бұрын жүргізген тексеру нәтижелері.

 

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 04.12.2017 жылғы №806 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 10.10.2019 жылғы тапсырмасына сәйкес жүргізілді, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы Департаментінің 01.11.2019 жылғы №123 және «БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ 01.11.2019 жылғы №73 бірлескен бұйрығы негізінде.

Қызметті реттейтін нормативтік - құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау барысында «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 67, 68 және 73-баптарындағы қайшылықтар бар.

Ұсыныс: Жоғары тұрған орган алдында «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67, 68 және 73-баптарының арасындағы қайшылықтарды оралмандарды өз мәртебесін жоғалтқаннан кейін тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою құқығы бар халықтың әлеуметтік осал топтары қатарынан шығару жолымен жою не 73-баптың 1-тармағына «...Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты оралман мәртебесін жоғалтқан жағдайда» деген сөздермен толықтыру қажеттігі туралы мәселеге бастамашылық жасау.

 

Мемлекеттік қызметке аударуға жататын" Жасырын " қызмет.

Бөлім сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бойынша сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беруді субсидиялау қызметін көрсетеді. Қызмет 28.02.2015 жылғы №161 ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау Қағидаларымен реттеледі.

Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметке субсидия алу үшін 1 ақпанға дейін ТКШ басқармасына су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органымен келісілген ауыз су беруге шарттар жасалатын су пайдаланушылардың тізбесін (су ресурстарын коммерциялық мүдделерде пайдаланатын су пайдаланушыларды қоспағанда) ұсынады, сондай-ақ ай сайын су пайдаланушылар бөлінісінде ауыз су беру бойынша нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін ауыз су беру бойынша көрсетілген қызметтер актісін қоса бере отырып ұсынады.

Субсидиялар Сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру бойынша нақты көрсетілген қызметтер үшін төленеді. ТКШ басқармасы жиынтық тізілімді алғаннан кейін он күн ішінде Қазынашылық комитетіне жиынтық тізілімді қоса бере отырып, төлеуге берілетін шотты ұсынады.

Ұсыныс: уәкілетті органға сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бойынша сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беруді субсидиялау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық форматындағы разрядына ауыстыру қажеттігі туралы ұсыныс енгізу.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 04.12.2017 жылғы №806 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 15.11.2019 жылғы тапсырмасына сәйкес жүргізілді, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы Департаментінің 27.11.2019 жылғы №81 және «БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ 27.11.2019 жылғы №127 Бірлескен бұйрығы негізінде.

Талдау жүргізу барысында Қағидалардың талаптарын бұза отырып, ТКШ басқармасының қызметкерлері 01.01.2019 жылғы негізгі қызмет бойынша тіркеу журналында (бұдан әрі - журнал) бос орындарды өткізіп алуға жол берілетіні, атап айтқанда 19,37,70 нөмірлері толтырылмағаны, көрсетілген нөмірлер бойынша бұйрықтар шығарылмағаны, бұл оларды өткен күннен кейін пайдалануға мүмкіндік беретіні анықталды.

Қорытынды және ұсыныс: Бұл фактілер ТКШ басқармасы қызметкерлерінің өздерінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны туралы куәландырады, бұл жоғарыда көрсетілген құжат айналымының бұзылуына әкеледі, бұл құжаттардың жалғандығына жағдай жасайды. ТКШ басқармасының басшылығы ай сайын бұйрықтар мен өкімдерді тіркеу журналдарына тексеру жүргізсін.

 

Кредиттік шарттардың кодекс талаптарына сәйкес келмеуі.

ҚР Бюджет кодексінің 180-бабын және т.б. бұза отырып"Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларының" 02.07.2015 жылғы №495 1-т.осы үш жақты кредиттік шартта кредит беру мақсаты жоқ. Осыған ұқсас бұзушылықтар Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 16-дан №2 аудиторлық есебінде көрсетілген. 02.2018 жыл. Осыған байланысты, үш жақты несие шартында мақсаттың болмауы несиені мақсатсыз пайдалануға, сондай-ақ бюджет қаражатын қайтармауға әкеп соғады деп санаймыз.

Ұсыныс:

- ТКШ басқармасының интернет-ресурсында 2018 жылдан бастап жыл сайын жаңартылып отыратын үшжақты кредиттік шарттарды орналастыру;

- жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын қатаң сақтау.

 

  1. «БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-не профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 09.12.2020 жылғы №175 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына және мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларының сақталуы бойынша бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған тізімдерін бекіту туралы, сондай-ақ ҚР БП ҚСжАЕАК БҚО бойынша басқармасының 08.02.2021 жылғы №2127000000200012/00011 санды профилактикалық бақылау мен қадағалау тағайындау туралы актісі негізінде жүргізілді.

 

 

  1. Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен

туындайтын өзге де мәселелер

 

          Азаматтардың өтініш, арыз және шағымдарымен жұмыс жасау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы негізінде жүргізіледі. 

          Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасына 2018 жылы барлығы 54 өтініш келіп түсіп, оларға уақтылы жауаптар берілді. Оның 21 жеке тұлғалардан, 33–заңды тұлғалардан.

          Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасына 2019 жылы барлығы 72 өтініш келіп түсіп, оларға уақтылы жауаптар берілді. Оның 42 жеке тұлғалардан, 30–заңды тұлғалардан.

          Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасына 2020 жылы барлығы 109 өтініш келіп түсіп, оларға уақтылы жауаптар берілді. Оның 51 жеке тұлғалардан, 58–заңды тұлғалардан.

 

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

 

          Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша нақты штат саны:

          2018 жылдың жағдайы бойынша 22/20 құрады;

          2019 жылдың жағдайы бойынша 22/21 құрады;

          2020 жылдың жағдайы бойынша 20/17 құрады.

          Талдау кезеңінде кадр ауысушылығы: 2018 жылы барлығы 6 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды (Б. Тукжанов, Қ. Шарафутдин, Г. Урынгалиев, А. Баймукашева, А.Жиенбаева, Р. Алдонгаров ), 2019 жылы барлығы 8 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды (С. Канапин, Г. Бадирова, К. Сатымов, э. Ерикова, Б.Иламанов, С. Макашева, И. Акатов, С. Султангалиев), 2020 жылы барлығы 3 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды (Г. Сагынгалиева, Е. Кажиев, Р. Закарин). Талдау жүргізу кезеңі бойынша теріс іс-әрекетіне байланысты мемлекеттік қызметтен босатылған қызметкерлер жоқ. Басшы лауазымдарды кадр ауысушылығы болды.

          Қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары бойынша 2018 жылы – 3, 2019 жылы – 8 және 2020 жылы 7 адам өтті.

                   

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

          Мемлекеттік сатып алу жеңімпаздарын мониторинг жасау арқылы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысының фактілері анықталған жоқ.

Басқарма қызметкерлерінің жеке істерін зерттеу барысында басқармада жұбайының (зайыбының), жақын туыстары мен жекжаттарының тікелей бағыныштылық қызмет атқаруы анықталды. Әкімшілік және қаржылық жұмыстар бөлімінің басшысы  Л. Вертяшкинаның келіні қол астында бас маман М. Филимонова жасайды. Бірақ қазіргі уақытта М. Филимонова бала күтіміне бойынша декреттік демалыста екенің хабарлаймыз.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

Барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығының паспорттарын беру.

 

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Басқармада рұқсат беру функциялары жоқ.

 

  1. Бақылау функцияларын іске асыру

Басқармада бақылау функциялары жоқ.

 

 

 

Келісілді:

 

Басқарма басшысының м.а.                                                                 Б. Мусин                             

                                                          

Ішкі талдауды жүргізуге және

жұмыстың нәтижесіне басшылық,

үйлестіру және жауаптылық

жүктелген тұлға –

Басқарманың бас маман-заңгері                                                     А. Абилхасов

 

Дата публикации
29 июля 2022