2022 жылы Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатырған жобалар бойынша

2022 жылы Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 жоба жүзеге асыру жоспарланған, оның ішінде:

  • Жалпы сомасы 2,3 млрд. теңгені құрайтын «ҚР, БҚО, Орал қаласы, ЖЭО ауданы, құрылыс мекенжайы бойынша БҚО Орал қаласындағы градирняны ауыстыру бөлігінде «Жайықжылуқуат» АҚ Орал ЖЭО қайта сумен жабдықтау» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның мердігері «West Oil & Gas Systems» ЖШС болып табылады. Бүгінгі күні мердігер компаниямен градирняны бөлшектеу жұмыстары жүргізілді, градирняның астына іргетасты құю жұмыстары атқарылды, қажетті материалдарға тапсырыс берілді (нысан 2021 жылдан ауыспалы).
  • «Орал қаласының жерасты су алғышында су алғыш ұңғымалар салу (бұрғылау)» жобасы 2021 жылдан ауыспалы, 6 ұңғыманың 5-і бұрғыланды. Жобаны жүзеге асыруға 2022 жылы республикалық бюджеттен 361 385 мың теңге бөлінді. Нысан ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталатын болады. Аталмыш жоба жүзеге асырылғаннан кейін 6 ұңғыманың өнімділігі 8 640м3/тәулігіне құрайтын болады.
  • «БҚО, Орал қаласында 19А канализациялық сорғы станциясын және 19А КСС-тен КТҚ қабылдау камерасына дейін ұзындығы 15690 м су бұру желілерін реконструкциялау», жобаның құны – 3 488,1 млн. теңге (республикалық бюджеттен 2020 жылы 848,1 млн. теңге, 2021 жылы – 1 224,6 млн. теңге бөлінді). Жалпы ұзындығы 15,7 км бойынша бүгінгі күні 15,7 км қайта құрылымдалды, нысан 2022 жылға ауыспалы. Ағымдағы жылы жоба бойынша канализациялық сорғы станциясынның құрылыс жұмыстары жоспарланған. Нысан ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталатын болады.

 

2022 жылы Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатырған жобалар бойынша
Дата публикации
29 июня 2022