«Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама

«Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша
анықтама

Орал қаласы                                                                                  30.05.2022 жыл                                                                                  

 

         Талданатын объект: «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Басқарма басшысының 2022 жылғы 13 сәуірдегі №28 бұйрығы негізінде «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін келесі құрамда жұмыс тобы құрылды:

- Коммуналдық шаруашылықты дамыту бөлімінің басшысы Н.Сатыбалдиева;

-   Энергетиканы дамыту бөлімінің басшысы  Қ. Сатымов;

-  Тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту және газдандыру бөлімінің басшысы Т. Кереев;

-  Есеп беру, бюджеттік бағдарламаларды орындау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Л. Вертяшкина;  

-   Есеп беру, бюджеттік бағдарламаларды орындау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы  Г. Шокалакова.

         Талданатын кезең: 2021 жылғы 30 мамыр  - 2022 жылғы 30 мамыр.

         Талдау жүргізу кезеңі: 2022 жылғы 1-31 мамыр аралығында.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша  7 тәуекел анықталды және 10 ұсыным берілді.

                                                                      

         Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Басқарма 4  бөлімнен тұрады:  коммуналдық шаруашылықты дамыту бөлімі, энергетиканы дамыту бөлімі,   тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту және газдандыру бөлімі,  есеп беру, бюджеттік бағдарламаларды орындау және құқықтық қамтамасыз ету  бөлімдері.

Басқармаға бағынысты ведомстволары жоқ.

 

  1. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  2. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39 бабының 1) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар: «ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді.

Сол себепті, Басқармамен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 21 «Батыс Қазақстан облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесі» қабылданды (ҚР Әділет Министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда №26946 болып тіркелді).

Қаулы жобасын дайындау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілген.

Сол екі арада Қазақстан Республикасының Су Кодексінде көзделген
ұғымдарға сәйкес мыналар белгіленген:

- «ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері - су тұтынушылар үшін ауыз сумен жабдықтаудың олардың ауыстырылуы мүмкін емес және мақсатқа сай келмейтін бірден-бір көздері»;

- «сумен жабдықтау - суды жинауды, сақтауды, дайындауды, беруді және сумен жабдықтау жүйесі арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы»;

- «сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелері - басымдылығы мен әлеуметтік маңыздылығы бар және уәкілетті орган сумен
жабдықтаудың ерекше маңызды жүйелерінің санаттарына жатқызған ауыз сумен жабдықтаудың топтық және оқшау жүйелері»;

- «ауыз су – сапасы бойынша белгіленген ұлттық стандарттарға және
гигиеналық нормативтерге сай келетін, халықтың ауызсу және шаруашылық-
ауызсу мұқтаждарына арналған табиғи күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі
су».
         Жоғарыда көрсетілген ұғымдарға сүйене отырып, сумен
жабдықтау ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылмайды.

Алайда жоба ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып
табылатын, сумен жабдықтаудың аса маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін емес, ал сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен
жабдықтаудың оқшау жүйелерінің тізбесін белгілейді.

Осылайша, нормалардың қайшылығы және әзірлеуші органның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген құзыретінің орнатылуы туындайды, бұл лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға алып келуі мүмкін.

Бүгінгі күні Батыс-Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 21 «Батыс-Қазақстан облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесі» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы дайындалды. Жоба бойынша құзырлы органдардан келісім алынуда.

         Ұсыным: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 21 қаулысына өзгерістер енгізу қажет.

  1. Басқарма Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 7-бабының 4-тармағына сәйкес, облыс аумағында сұйылтылған мұнай газын беруге және жиынтық өтінімді қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді.

Сұйылтылған мұнай және газын бөлшек саудада өткізу субъектілері өтінімдерді, сондай-ақ қажетті құжаттарды қолма-қол беруіне тікелей байланысты және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша, құжат айналымын азайту мақсатында сұйылтылған мұнай газының  көлемін айқындау тетігін цифрландыру қажеттілігі туындап отыр.

Ұсыным: Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасына  көрсетілген мәселені қарап, сұйылтылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінімді қалыптастыру бойынша функцияны цифрландыру мүмкіндігін қарастырып, ҚР Энергетика министрлігіне хат жолдау.

  1. «Тұрғын үй туралы» Заңның (бұдан әрі- Заң) 67-бабының 1-тармағына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі.

Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден басқа, мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне берілетін тұрғын үйлер қызметтік тұрғын үйлерге теңестіріледі. Талданып отырған кезеңде 177 адам тұрғын үй алғаннан кейін оларды жекешелендірді, олардың 10% иеліктен шығарған.

Сөйтіп, бұл адамдарға тұрғын үй қажет болмауы мүмкін деген қорытынды жасалады.

Ұсыным:  ЖАО Заңның 101-бабына мынадай редакцияда толықтырулар енгізу туралы ұсынысқа бастамашылық жасауы қажет: «қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үйді жекешелендірген адамдар жекешелендірілгеннен кейін бес жыл ішінде оларды иеліктен шығара алмайды».

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы №372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңі 2017-2021 жыл аралығындағы кезең болып табылады.

Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін мынадай бағыттар көзделеді:

 1) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу;

 2) кредиттік тұрғын үй салу;

 3) жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;

 4) жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру;

 5) квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарта отырып, тұрғын үй салу.

Талданып отырған кезеңде «Нұрлы жер» бағдарламасының сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысы» бірінші бағыты бойынша кезекте тұрғандарға сатып алу құқығынсыз 612 пәтер берілді.

Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде жоғарыда аталған НҚА Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетіні анықталды.

Заңның 13-бабы 7-тармағының 1-1-тармағында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй ретінде берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіруге болмайды деп көзделген.

Бұл норма «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасында көрсетілген.

Алайда, Заңның 13-бабының 8-тармағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне тегін алуға құқығы бар санаттардың тізбесі бекітілген.

         Сөйтіп, сатып алу құқығынсыз тұрғын үй алған 27 ҰОС ардагерлерінің және 95 1,2-топтағы мүгедектердің тұрғын үйге иелік ету құқығынан айырылған.

         Ұсыным: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы №372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізу, оның ішінде ҰОС ардагерлері мен 1,2-топтағы мүгедектерге сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салу нормасын қарастыру қажеттілігі туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі   Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетіне  хат жолдау.

 

  1. Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау жүргізу барысында Басқарманың ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

III. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны – 17, нақты саны – 14, бос лауазым – 3.

2022 жылғы 31 мамырдағы жағдай бойынша 3 бос лауазым бар: басқарма  басшысы, коммуналдық шаруашылықты дамыту бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне уақытша) және есеп беру, бюджеттік бағдарламаларды орындау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.

Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған мемлекеттік қызметшілер саны - 11 (басқа мемлекеттік органга ауысуына байланысты 5 адам) және таза ауысушылық бойынша 6 адам.

Мекемеде теріс себептер бойынша босатылған тұлғалар болған жоқ.

01.05.2021-01.05.22 жылдар аралығында лауазымдық жұмыстарына жауапкершілікті төмендеткендері үшін 5 қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Оның ішінде  5 қызметкерге ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде аффилирлену фактілері, сондай-ақ олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты адамдардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері орын алған жоқ.

Басқарма қызметкерлерін кадрлық тағайындау ҚР БП ҚС ж АЕ АК және Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы тексеру жүргізгеннен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

Басқарма қызметкерлерімен акциялар, пайлар, жеке кәсіпкерлікпен айналысу фактілері орын алған жоқ.

Басқармада коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары болып табылатын, сондай-ақ осы ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіретін мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Талданып отырған кезеңде басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.

Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 14-бабының 1-1-тармағына сәйкес, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар өздері лауазымды атқаруға үміткер ұйымның басшылығын осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.

Алайда, Басқарма басшысымен 2021 жылы мемлекеттік қызметке қабылданған 4 қызметкер осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабардар етпеген.

Ұсыным: мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлер осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабардар етуі міндеттелсін. 

 

  1. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқармамен «барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығының паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2021 жылы және а.ж. өткен мерзімінде «КазТранс Ойл» ЖШС-не 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Тәуекелдер анықталған жоқ.

 

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес Басқармада рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.

 

YII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес Басқармада бақылау және қадағалау функциялары жоқ.

 

YIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданып отырған кезеңде Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы 209 өтініш келіп түсті, оның ішінде  64 өтініш және 146  шағым, сұраныс, ұсыныс түсті. Қайталанған өтініштер түскен жоқ.

Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштер келесі негізгі топтар бойынша құрылады:

-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және газдандыру, электірлендіру мәселелері бойынша.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 72-бабына сәйкес,  әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін шаралар қабылдауға міндетті.

Талдау барысында өтініштерді сапалы қарамау фактілері анықталды.

Мысалы, М.Мендигалиев тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде 2015 жылдан бастап тұрғанын, мүгедек баланы асырап отырғанын және өздерінің тұрақты үйі болмауын ескеріп, коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үй сұрап арыз жазған болатын.

Алайда, өтініш иесіне жауап бергенде коммуналдық тұрғын үй қорынан үйдің кезекпен берілетіні көрсетіліп, ал жеке тұрғын үй қорынан үй беру мүмкіндігі туралы түсіндірілмеген.

Талдау барында  өтініштердің жауаптарында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жауап берушіге уәкілетті органның жоғары тұрған лауазымды тұлғасына немесе сотқа шағым жасауға құқығыңыз бар екендігін хабарланады, алайда жоғары аталған әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес деп сілтемесі жасалмаған.  

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес өтініш берушінің жүгіну туралы ақпаратқа сілтемесінің болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.

Ұсыным: жауапты маманды жауапты қызметкерге Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша Басқармада құқықтық оқыту ұйымдастырып, мемлекеттік қызметшілерге алдағы уақытта өтініш жауаптарында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес дұрыс рәсімделуін қадағалау тапсырылсын.

 

  1. Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқарманың 2021 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 11 408 864, 4  мың теңге қарастырылды, игерілгені 8 535 258,0 мың теңге, яғни 74,8%-ды құрады.

Басқарманың 2022 жылғы 1-жартыжылдығына  бекітілген жоспарына сәйкес 1 985 126,0 мың теңге қарастырылды, игерілгені 100% құрады.

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.

Мемлекеттік сатып алулардың  веб-порталында орналасқан 2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың алғашқы жоспарында (30.12.2021 ж.) қаржыландыру жоспарындағы көрсеткіштен, 2022 жылға арналған №4-20 шығыстар бойынша жинақтық есептен (2022 жылдың 31 қаңтарына) ауытқу анықталды:

1)    №001 «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» саласындағы жергілікті деңгейдегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша қызметтер» бағдарламасының №015 «жергілікті бюджет есебінен»  бағдарламасының №123,144,149,152,159,169 спецификасы бойынша 7 725,3 мың теңге соммасына, соның ішінде  қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көрсеткіштермен орналастыру (қосымша құн салығы есебінсіз);

2)    №041 «Профилактикалық дезинсекция және дератизация жүргізу (инфекциялық және паразиттік аурулар табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ, инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда)» бағдарламасының №015 «жергілікті бюджет есебінен»  бағдарламасының №159 спецификасы бойынша 83 308,9 мың теңге соммасына, соның ішінде  қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көрсеткіштермен орналастыру (қосымша құн салығы есебінсіз);

Сөйтіп, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын қалыптастыруда  мемлекеттік сатып алу үшін 91 млн. теңге көлемінде қаражат негізсіз артық көзделген.   

Ұсыным:

  1. Мемлекеттік сатып алу жүргізуде қолданыстағы заңнаманың талаптарын қатаң сақтау;
  2. Басқармада қаржылық жұмыстарды жүргізу, бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ету және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын қызметкерді өз саласы бойынша біліктілік арттыру семинарына жіберу.
  3. Мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізу.

 

  1. Жасырын қызметтерді анықтау

Басқармада жасырын қызмет көрсету фактілері анықталған жоқ.

        

         ҚОРЫТЫНДЫ:

Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық қызметте, кадр мәселесі және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

 

ҰСЫНЫМДАР:

  1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 21 қаулысына өзгерістер енгізу қажет;
  2. Сұйылтылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінімді қалыптастыру бойынша функцияны цифрландыру мүмкіндігін қарастыру туралы ҚР Энергетика министрлігіне хат жолдау;
  3. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 101-бабына мынадай редакцияда толықтырулар енгізу туралы ұсынысқа бастамашылық жасауы қажет: «қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үйді жекешелендірген адамдар жекешелендірілгеннен кейін бес жыл ішінде оларды иеліктен шығара алмайды»;
  4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы №372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізу, оның ішінде ҰОС ардагерлері мен 1,2-топтағы мүгедектерге сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салу нормасын қарастыру қажеттілігі туралы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитетіне хат жолдау;
  5. Мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлер осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабардар етуі міндеттелсін;
  6. Жауапты маманды жауапты қызметкерге Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша Басқармада құқықтық оқыту ұйымдастырып, мемлекеттік қызметшілерге алдағы уақытта өтініш жауаптарында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес дұрыс рәсімделуін қадағалау тапсырылсын;
  7. Мемлекеттік сатып алу жүргізуде қолданыстағы заңнаманың талаптарын қатаң сақтау;
  8. Басқармада қаржылық жұмыстарды жүргізу, бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ету және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын қызметкерді өз саласы бойынша біліктілік арттыру семинарына жіберу;
  9. Мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізу;
  10. Ашык интернет – ресурстарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижесі жариялансын.

 

Басқарма басшысының

міндетін атқарушы                                                                  М. Нұртазиев

 

 

Жұмыс тобының мүшелері:                                                 Н. Сатыбалдиева

 

                                                                                   Қ.Сатымов

 

                                                                                Т. Кереев

 

                                                                                          Л. Вертяшкина

 

                                                                                           Г. Шокалакова

 

 

 

 

 

 

 

«Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама
Дата публикации
15 июня 2022