
Еңбек ұжымдарында ай сайын әлеуметтік төлемдер төленетін қатысушылар санының төмендеу фактілерін алдын алу және болдырмау мақсатында, ағымдағы жылдың 5 желтоқсан күні Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ БҚО филиалы ұжымымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесуде «ЕХӘҚМ МЕИК, ҚМ МКК, МӘСҚ және жергілікті атқарушы органдардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар санының азаюына, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің артуына жол бермеу бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі» шеңберінде келісілген жұмыстың ұйымдастырылу мәселелері талқыланды.