
Жұмыскерлерге жалақының төленбеуіне байланысты проблемалық мәселелерді анықтау, болжау және шешу мақсатында, ағымдағы жылдың 5 желтоқсан күні Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары Батыс Қазақстан облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасында жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесуде, еңбек инспекциясы мен жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының жұмыс берушілердің жалақы бойынша берешекке жол бермеу жөніндегі келісілген жұмысының ұйымдастырылуын және шұғыл өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету сұрақтары талқыланып, жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық өндірістер бойынша есептер тыңдалды.