
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары және «Батыс Қазақстан облысының Қәсіподақтар Орталығы» АКБ төрағасының орынбасары Б.Атауов ағымдағы жылдың 5 желтоқсан күні «Uniserv» ЖШС ұжымында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Бұл кездесудің мақсаты – облысымыздың ірі және орта кәсіпорындарда ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған, сондай-ақ электрондық еңбек шарты (E-hr) жүйесіне қосылған кәсіпорындардың үлес салмағын арттыру.
Кездесу барысында ұжымдық шарттың қызметкерлердің әлеуметтік жағдайларын жақсартудағы және еңбек құқықтық қатынастарын тұрақтандырудағы рөлі, сонымен қатар қолданыстағы қағаз еңбек шарттарын «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» енгізудің міндеттері кеңінен түсіндірілді.