
Өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету және жұмыс орнындағы еңбек жағдайын жақсарту мақсатында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары жазғы кезеңнің басынан бері «Қауіпсіз еңбек» науқаны аясында құрылыс және өндірістік объектілерге барып, алдын алу шараларын жүргізуде.
Осылайша, ағымдағы жылдың 02 желтоқсан күні, мемлекеттік еңбек инспекторымен «Қазармапром» ЖШС ұжымында өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ҚР Еңбек кодексінің қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мемлекеттік еңбек инспекторы басқа ұйымдарды мысалға ала отырып, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар туралы айтып, жазатайым оқиғалардың негізгі себептерін және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелерін талқылады.
Осындай профилактикалық шаралар басқа құрылыс және өндірістік объектілерде тұрақты түрде жүргізілетін болады.