Ақпараттық-түсіндіру кездесуі

Ақпараттық-түсіндіру кездесуі

     Ағымдағы жылдың 29 қараша күні  Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің БҚО бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары БҚО ДСБ «№3 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК ұжымында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

     Бұл кездесудің  негізгі мақсаты – еңбек мәдениетін арттыру және еңбек заңнамасын бұзудың салдарын кеңінен түсіндіру болып табылады.

     Кездесу барысында пікір алмасылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік еңбек инспекторы толық жауаптар берді.