Жұмыс кездесулері

Жұмыс кездесулері

   «Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, жалақы бойынша берешекті өндіріп алу саласындағы өзара іс-қимылдар жөніндегі шаралар және ақпарат алмасу тәртібі туралы» Бірлескен бұйрыққа сәйкес жүргізілетін әлеуметтік шиеленіс пен еңбек дауларынының туындау қатері бойынша мониторингті күшейту, сонымен қатар салық және еңбек заңнамаларын сақталуын қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, ағымдағы жылдың 22 қарашасында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің БҚО бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары БҚО мемлекеттік кірістер департаментінің жауапты қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.

    Кездесуде жалақы қарызын анықтау және өтеу, соның ішінде банкроттық және оңалту рәсімдерінің уақытылы жүргізілуін қадағалау және олардың субъективті себептермен ұзақ мерзімге созылуына жол бермеу, сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық Ситуациялық орталығының «Кәсіпорындардың цифрлық картасындағы» «Жоғары қауіп» аймағында орналасқан кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне қатысты тиісті шаралар қабылдау бойынша мәселелері талқыланды.