Облыста «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясы жалғасуда

Облыста «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясы  жалғасуда

2024 жылдың 1 қараша күні «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясы аясында Мемлекеттік еңбек инспекциясының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары А.Кенжин мен Т.Абубакиров шағын бизнес саласындағы жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесулер кәсіпкерлік субъектілері шоғырланған негізгі орындарда өткізілді, онда «еңбек шартынсыз жұмыс жасайтын» жалдамалы қызметкерлерді заңдастыру бойынша іс-шаралар талқыланды және еңбек мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша азаматтарға және кәсіпкерлік субъектілеріне еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша жадынамалар таратылды.