
Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы У.Жунусов Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің студенттеріне ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторы «Кәмелет жасқа толмаған студенттердің еңбек шартын жасасу кезіндегі құқықтары мен міндеттері» тақырыбы бойынша баяндама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді.