
Ағымдағы жылдың 15 наурыз күні Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторлары А.Турумова мен Қ.Жумагереев БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментімен ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысып, еңбек заңнамасы негіздерін және оны бұзудың салдарын, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу сияқты өзекті мәселелерді кеңінен түсіндірді.
Кездесу барысында пікір алмасылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік еңбек инспекторы толық жауаптар берді.