
Ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторлары А. Тәжімбет пен А. Турумова ZOOM қосымшасы арқылы «ФК Акжайык» ЖШС және «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС ұжымдарына жалақы төлеу мәселелері бөлігінде еңбек заңнамасын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.