
Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясының жас қызметкерінің бірі -Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Лукпанов Аслан Талгатович.
А.Лукпанов Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,Чапай ауылының тумасы. Білімі жоғары. 2010 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Геодезия және картография» мамандығы бойынша, 2012 жылы Евразия академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
А. Лукпанов Басқармадағы еңбек жолын 2018 жылы Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының ақпараттық-талдамалық бөлімінің бас маманы болып бастады. Жауапкершілігі мол, ісіне тиянақты, жауапты, өз ісін жетік білетін қызметкер ретінде өзін көрсетіп, меритократия қағидасы бойынша 2021 жылдан бастап Басқарманың еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы лауазымын абыройлы атқарып келеді.
А.Лукпанов жұмыс барысында өзіне жүктелген міндеттерді адал және тиянақты атқарады. А. Лукпанов отансүйгіштік, мейірімділік, адами қасиеттермен ерекшеленеді. Сонымен қатар, ол қоғамдық шараларға да белсене қатысады.