
Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні жергілікті атқарушы және бизнес субъектілері өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кеңесін өткізді.
Аталмыш кеңес барысында Басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторы Е.Сиражев «Өнідірістік жарақаттануды жағдайы» тақырыбы бойынша баяндама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді.