
2023 жылдың 12-13 қыркүйек күндері Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді.
Ашық есік күнінің мақсаты – мемлекеттік органның жұмысымен таныстыру, еңбек саласындағы мемлекеттік саясатты қоғамға түсіндіру және жастарға бағыт-бағдар беру.
«Ашық есік күні» акциясына Жәңгірхан атындағы БҚАТУ университетінің "Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігі қауіпсіздігі" мамандығы бойынша 4-курс студенттерін Басқарма басшысы қабылдап, Басқарманың негізгі бағыттарымен таныстырды.
Студенттер өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мәселелері, еңбек қатынастары мәселелері бойынша сауалдарына жауап алып, өтініш-тілектерін жеткізді.