
2023 жылдың 23 маусым күні Бтыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасында Мемлекеттік қызметшілер күні кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара ұйымдастырылды.
Шараға «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» облыстық филиалының төрағасы Сүлеймен Серік Кенжебекұлы және облыс әкімі аппараты персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің бас маманы Шуақбаева Айгерім Талғатқызы қатысып, сөз сөйледі.
Салтанатты шарада Басқарма басшысы Досжанов Асылұлан Тұрсынұлы қызметкерлерді мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын шырқауымен басталған салтанатты шара мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған Басқарманың еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы Габдиев Даурен Болатұлының салтанатты түрде ант қабылдау рәсімімен аяқталды.